Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған жоба

Түркістан облысындағы көкөніс өндірумен айналысатын республикадағы ірі жылыжай кешені бүгінде табысты жұмыс атқаруда. Өңірде агроөнеркәсіп кешені үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Мемлекет ауыл шаруашылығын дамыту ісіне жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті қаражат бөлуде. Бес жылда өңірде 2,3 миллион тонна көкөніс өндірілді. Қазақстанда мұндай жоғары көрсеткіштері мен табиғи жағдайлары бар басқа өңір жоқ. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекара ашылуда. Осыған байланысты ішкі нарықты ғана емес, көрші елдерді де өніммен қамтамасыз ету қажетттігі туындап отыр. Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған «Аделя» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Кәсіпорында шамамен 200 жаңа жұмыс орны құрылған.

Жылыжай кешенін басқару толығымен автоматтандырылған. Нысан француздық «Rishel» компаниясының заманауи жабдықтарымен жабдықталған. «Аделя» шаруа қожалығы Ордабасы ауданы, Бадам елдімекенінде орналасқан. Бастапқыда бес гектар алқапқа жылыжай кешені салыныпты. Содан кейін басшылығы «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан 2 200 млн. теңге қаржы алып, жылыжай көлемін ұлғайтқан. Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған «Аделя» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің өндірістік қуаты мықты. Тек Түркістан облысын ғана емес, елімізді көкөніспен қамтуға қауқарлы. Ал маусым кезінде шетелге экспорттауға да шамасы жетеді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444