Өнеркәсіп өндірушілеріне зор үлесін тигізбек

«Сапа менеджменті және техникалық реттеу. Метрология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және көтеру». Осындай атаумен Түркістан облысында үш күндік оқыту семинары басталды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Шара орта бизнес өкілдері мен өнеркәсіп өндірушілеріне зор үлесін тигізбек. Бағдарламаның басты мақсаты – әртүрлі деңгейдегі қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және арттыру. Бұл іс жүзінде барлық құралдарды дұрыс әрі тиімді пайдалана отырып, өнімдерді өндіру және қызмет көрсету саласында жоғарғы нәтижелерге жеткізеді, — дейді мамандар. Қатысушыларға еліміздегі техникалық реттеу саласындағы басым бағыттары «Стандарттау туралы» Заң жобасының негізгі ережелері, сондай-ақ, ЕАЭО техникалық регламент әзірлеу саласындағы жаңа кірістер туралы молынан ақпар берілді. Жобаның маңыздылығын ескере отырып, дәрісті өнеркәсіптің басым секторларын жетік меңгерген жетекші сарапшылар, Қазақстан Республикасы және ЕАЭО техникалық регламент әзірлеушілер мен бағыт бойынша сарапшы-аудиторлар жүргізді. Іс-шараға Түркістан облысының және Шымкент қаласының кәсіпкерлері, мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты. 3 күндік оқыту семинарының соңында қатысушыларға сертификаттар табысталатын болады. СӘКЕН БЕЙСЕЕВ – «ҚАЗИНСТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ «Бұл семинар тегін. Мемлекеттік бағдарлама бойынша өтіп жатыр. Біздің кәсіпкерлердің деңгейін арттыру мақсатында бұл семинарды ұйымдастырып отырмыз. Кәсіпкерлердің бәсекеге қабілетін арттыру, жоғары болуы үшін. 2015 жылдан бері семинарды өткізіп келеміз. Өте тиімді әрі пайдалы деп ойлаймын».

А. Көпжасарова

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444