Мемлекеттік бағдарламаның тигізіп жатқан септігі мол
Ер дәулеті – еңбек. Түркістан қаласында мемлекеттік бағдарламаның шарапатымен ісін өрге домалатқандар көп. Бірі мал шаруашылғын колға алса, енді бірі қоқыс өңдеп, ел игілігі жолында еңбек етуде. Енді, жергілікті халық алыстан арбаламайды. Өздерінде шығатын өнімді нық сеніммен тұтына алады, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Жас кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік бағдарлама көпке игі. Бұған дәлел мына мал шаруашылығы. Абдулла Кенжетаев 2016 жылы «Ырыс» микроқаржы ұйымынан 6 миллион, кейіннен 8 миллион алған. 300 бастай ірі қара мал асырап, кәсібінің нәсібін тауып отыр. Төрт түлікті жемге қойып, етін жергілікті базарларға сатады. 7 адам жұмыспен қамтылған. Абдулла Кенжетаев – «Абдулла» шаруа қожалығының басшысы “Дәл осы бағдарлама «Жандар» жеке кәсіпкерлігіне де қолдау болып отыр. 2 миллион қаржымен автомобиль сүзгісін шығаруда. Қазіргі өнім түрі -286. Ұжымда 9 адам жұмыс істейді”. Жандар Исламбек – «Жандар» жеке кәсіпкерлігінің директоры “Елбасыға рахмет! Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, көмек беріп жатқаны үшін”. Мына қоқыс өңдейтін зауыт 2016 жылдың 1- қаңтарынан жұмыс бастаған. Тұрмыстық қалдықтарды өндіру, өңдеу өндірісінде қажетсіз деп саналған заттар қайта кәдеге жарайды. Бұл игі бастама қоғам денсаулығы үшін аса маңызды екені анық. Экологияның ластанбауына да өз септігін тигізеді. Тұрғанбай Ахметов – кәсіпкер “Түркістан — облыс орталығы. Қалада осы мәртебеге лайық игілікті істер атқарылуда. Ол да болса, жергіліктің халықтың еңбекқорлығының арқасы. Бұл ретте, көпке мемлекеттік бағдарламаның тигізіп жатқан септігі мол”.
М. Әсембек