Құрылыс қызу жүргізілуде

Түркiстан қаласы облыс орталығы болғалы берi тұрғындар арасында «Биыл тұрғын үйдiң құрылысы жалғасын таба ма?» деген әңгiмелердi жиi-жиi естiп жүрмiз. Ал, тұрғын үйге кезекке тұрып, кезегiн күтiп жүрген қаншама жан бар. Осы сауалдарға жауап iздеп қала құрылысы мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы Сейiтмұрат Сейiлбековты сұхбатқа тартқанымызда: “Бүгiнгi таңда Отырар мөлтек ауданында 5 қабатты 60 пәтерлi 11 тұрғын үйдiң құрылысы басталып кеттi. Жобалық құны 370,11 млн теңге құрайтын тұрғын үйлердiң әрбiрiнде 15 бiр бөлмелi, 15 екi бөлмелi, 30 үш бөлмелi пәтер болады. Сондай-ақ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ның қаржыландыруымен «Ажар-Тред» ЖШС-гi 5 қабатты 60 пәтерлi 6 ипотекалық кредиттiк тұрғын үйдiң құрылысы да қарқынды жүргiзiлуде. Тұрғын үйлердi салуға ауыз су, газ, электр, жылу, жол және абаттандыру жұмыстары сынды барлық инфрақұрылым мәселелерi шешiмiн табу үшiн жобалық сметалық құжаттар дайындалып, сараптама қорытындысы шықты. Алдағы уақытта тағы да 5 қабатты 60 пәтерлi 9 тұрғын үйге қаржы қаралып, жеңiмпаздарды анықтау үшiн конкурс жарияланды. Конкурс жеңiмпаздары анықталса, Түркiстан үлкен құрылыс алаңына айналып, 26 тұрғын үй пайдалануға берiледi. Осы құрылыс жұмыстары аяқталса, жалпы 1560 отбасы баспаналы болмақ.

«Түркістан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444