Соны серпін беретін жобалар

Түркістан облысында индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында алдағы уақытта ірі кәсіпорындар ашылады деп күтілуде. «Нұралем» ЖШС әрлеу материалдар өндірісі жобасы болашағынан үлкен үміт күттіреді. Жобаның жалпы құны 319 млн. теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы жылына 5000 комплект. Құрылыс саласы қарқын алған шақта мұндай өндіріс орындарының шығарған өнімі жерде қалмасы анық. «Байтерек ББМ»ЖШС (Шардара ауд.) Балық өңдеу зауытының құрылысы. Жобаның жалпы құны 200 млн. теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы жылына 600 тонна. Балық өңдеу зауыттарының қатары артқаны артықтық етпейді. Өйткені өңірімізде қаншама балық зауыттары болса да ішкі нарыққа да, сыртқы нарыққа да көптеп шығарғаны дұрыс. Сұранысы жоғары өнімнің сатып алушысы әрдайым табылады. «Green technology industries» ЖШС-і. Аталмыш кәсіпорын  ПЭТ қалдықтарын өңдеу және шпательді талшықтар өндірісін ұйымдастыру. Жобаның жалпы құны 5985 млн. теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы жылына 15 мың тонна болады деп жоспарлануда.  «ДезФумэкс» ЖШС (Шымкент қ.) Микробиологиялық ортаны және ұшқыр диагностикалық тестілерді шығару. Жобаның жалпы құны 230 млн. теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы жылына 3 миллион дана. Мұның барлығы да облыс экономикасына соны серпін беретін жобалар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444