Алтын астықтың кені

Түркістан облысы, Төле би ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге барлық егіс көлемінің 41,7 пайызы маманданған. Ауылшаруашылық саласы аудан бюджетінің тұрақты табыс көздерінің бірі. Бүгінге егілген 22933 га бидайдың және 2296 га арпаның 6736 га жерінің астық орылды, орташа түсімдігі 14,7 центнерден айналуда. Астық толық орылғанда оның түсімділігі 22,6 центнерден келеді деп жоспарлануда. Сонымен бірге ауылшаруашылық саласында жаңа технологияларды енгізу, атап айтсақ жылыжай, тамшылатып суғару, жаңа бау және жүзімдік егуді қолға алына бастаған, бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Еліміз биылғы жыл басында 86 млн долларға 452,3 мың тонна ұн жөнелтті. Өнім — 52,4 пайызға, табыс 42,9 пайызға өсті. Негізінен аталған өнімді Ауғанстан (56,3 млн долларға 289 мың тонна) және Өзбекстан (21,9 млн долларға 132 мың тонна) сатып алды. 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстандағы бидай мен қарай бидай экспорты 1,1 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 98,4 пайызға өсіпті. Тасылмалданған бидайдың жалпы сомасы – 167,3 млн доллар. Түсім 92,4% өсті. Астық бәрінен көп Өзбекстанға жіберіледі. Аталған мемлекет Қазақстаннан 487 мың тонна бидайды 56,9 млн долларға сатып алды. Тәжікстан 19,1 млн долларға 127,9 мың тонна, Ауғанстан 16,5 млн долларға 99,1 мың тонна, Түркия 20,2 млн долларға 93,3 мың тонна астық сатып алды. Өз кезегінде Қытай мен Италия 75,4 мың тонна астық, 77,6 мың тонна бидай сатып алды. Шетелге экспортталып жатқан астықтың мол түсіміне Түркістан облысының оның ішінде Төле би ауданының қосып отырған қомақты үлесі бар.

Ж.Абдумуталиф

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444