Әлеуметтік кәсіпкерлік

Егер сіз әлеуметтік саладағы кәсіпкер болсаңыз және сіздің бизнесіңіз қоғамдық мәселені шешсе немесе оның салдарын жеңілдетсе, онда сіз жобаны одан әрі дамытып, кеңейту үшін мемлекеттен қолдау ала аласыз.

Әлеуметтік кәсіпкер ретіндегі арнайы тізілімде бар ШОБ субъектілеріне «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» Қорының субсидиясы қарастырылған.

Әлеуметтік салада жұмыс істейтін кәсіпорындар бұл мемлекеттік қолдауды төмендегідей шарттармен* ала алады:

✔ Несиенің ең жоғары сомасы: инвестиция – 1,5 млрд теңгеге дейін, АҚТ – 500 млн теңгеге дейін
✔ Субсидия мерзімі: инвестицияға 5 жылға дейін, АҚТ-ға 3 жылға дейін
✔ Сыйақы мөлшерлемесі: ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесіне + 5%, оның 7%-ын әлеуметтік кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды
✔ Қарыз мақсаты: инвестиция, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру

Бағдарлама туралы толығырақ damu.kz сайттан біле аласыз және 1408 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады  немесе Түркістан қ. , Жаңа қала м.ауданы. 28 көш, 5 ғ. мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444