Бизнеске арналған Лизинг
Лизинг шағын және орта бизнес үшін ыңғайлы, өйткені банктегі несиеге қарағанда оны рәсімдеу жеңіл. Лизингтің негізгі артықшылықтарына салық мөлшерінің төмендігі, кепілдің болмауы, қарыздың ұзақ мерзімі, лизингтік мүліктің кең таңдауы жатады.
«Даму — Лизинг» бағдарламасын бизнесіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы техниканы, жол-құрылыс техникасын, арнаулы техника мен жабдықты алғысы келетін кәсіпкерлер пайдалана алады:
✔ Максимал сома — 500 млн теңгеге дейін
✔ Мерзімі — 7 жылға дейін
✔ Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 19% — дан басталады, басымдылық берілген сала болса одан әрі субсидиялау мүмкіндігі бар
✔ Алдын ала төленетін аванстық төлем — лизинг құнынан кемінде 20% болу қажет
Лизингті алу шарттарымен қажетті құжаттар тізіміне қатысты ақпаратты нақтылау үшін Қордың серіктестеріне тікелей хабарласуыңызды сұраймыз, олардың тізімі сайтта қолжетімді damu.kz
Бағдарлама туралы толығырақ damu.kz сайттан біле аласыз және 1408 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады немесе Түркістан қ. , Жаңа қала м.ауданы. 28 көш, 5 ғ. мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.
***