Әлеуметтік мониторинг. Еңбек қауіпсіздігі – біздің ортақ ісіміз!

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры Қазақстандағы өнеркәсіп ірі және орта  кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі жөніндегі әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырады.

Елімізде  жыл сайын 2,5 мыңға жуық адам еңбек жағдайында жарақат алады екен. Оның ішінде 200-ден астамы оқыс жағдайдан  мерт болады. Ал, бүгінде жұмыскерлердің тек 54%-і  ғана жазатайым оқиғалардан сақтандырылған көрінеді. Ресми статистикаға сүйенсек,  2022 жылы өндірісте зардап шеккендер саны 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ке, ал кәсіптік аурулар 8%-ға артқан. Өкініштісі де сол бұл көрсеткіш жыл санап өсіп барады. Сондықтан осындай олқылықтарды анықтап,  жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында Өнеркәсіптік кәсіпорындарының еңбеккерлері мен қызметкерлерін, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы сарапшылар мен жұмыскерлер құқығын қорғаушыларды әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырамыз!

Мұндағы басты мақсат — ірі, орта және шағын өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелерді анықтап,  олқылықтар мен кемшіліктерді түзетіп еңбек адамдарына қауіпсіз жұмыс орнын қалыптастыру болып табылады.

Жүргізілген әлеуметтік мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, кәсіпорын басшыларына, құзырлы мекемелер мен билік өкілдеріне жіберіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444