АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІ АСФАЛЬТТАЛУДА

Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес мегаполистің ішкі орам көшелерін жөндеуден өткізуге басымдық берілген. Осыған орай, шағын аудандар мен тұрғын алаптар инфрақұрылыммен қамтылып, өз кезегінде жұмыстар жүйелі атқарылуда.

Бүгінгі күні Асар-2 шағын ауданы аумағындағы Күншоғыр көшелері орташа жөндеуден өтуде. Аталған шағын ауданның  4 көшесіне 2 қабат асфальт төселеді. Көшелердің жалпы ұзындығы — 1,2 шақырымды, ені  5 метрді қамтыса, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ені – 1,5 метрге жеткізілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары 236,3 шақырымды құрайтын 297 көшеге жүргізілу жоспарлануда. Сондай-ақ, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Ал 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444