УРАН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Инкай» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС ұжымымен кездесті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бағытында атқарылған жұмыстар мен еліміздің 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын талқылау болып табылады.

Департамент өкілі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға, жүзеге асырылып отырған жобаларға тоқталып, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына кеңінен тоқталған спикер онда енгізілген өңірдегі проблемалық салаларды атап өтті. Өңірдегі әлеуметтік маңызы бар проблемаларды негізге алып, оларды шешу бойынша тиімді шаралар қолға алынғандығынан хабардар етті. Басты критерий — нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы тиіс.

Жиын барысында заңнамада бизнестің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-институттары ерікті түрде енгізу қарастырылғандығы айтылып, аталған қызмет Серіктестікте 10 жылдан астам жұмыс жасайтындығы айтылды.

Кездесу соңында қатысушыларды жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырып, сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары жайында мәлімет берді.

Айта кетейік, «Инкай» БК» ЖШС Түркістан облысындағы «Инкай» кен орнында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран шығаруды жүзеге асырады және де «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» Акционерлік қоғамы Серіктестіктің қатысушысы болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444