ЖАСТАРДЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТҮСІНІДІРІЛДІ
Сыбайлас жемқорлықтан таза қоғамды қалыптастыруда — жас буын жастардың рөлі айрықша.
Соған сәйкес, бүгін заң ғылымдарының магистрі, қоғам өкілі Нұржахан Абуова жасыл қала Кентау жастарымен кездесіп, көлеңкелі қылмыстың елдің ертеңіне тигізер салдары мен зардабы бойынша түсіндіру шарасын өткізді.
Бұдан бөлек, Ел Президенті бекіткен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасымен таныстырып, аталмыш құжатта айқындалған негізгі бағыттарға тоқталып өтті.
Нұржахан Ермағанбетқызы Тұжырымдамада негізделген жастардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға ықпал ететін жеткізіп, ел дамуына кедергі келтіретін қоғамдық кеселге қарсы тұруға шақырды.