«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫНДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПІКІРТАЛАС ӨТТІ
Балаларды парасаттылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, білім мен еңбекке үйрету мақсатында №4 балалар кітапханасының «Парасат жолы» орталығында оқушылар арасында «Адамгершілік – асыл қасиет» атты пікірталас өтті.
Балаларды жан-жақты дамыту – заман талабы, ал бұл бағытта кітапхананың алатын орны ерекше дейді ұйымдастырушылар.
Оқырмандарды кітап оқуға байлу, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында кітапхана ұжымымен тұрақты түрде түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылып, қонақ ретінде жазушы, ақын, журналистер мен қоғам қайраткерлері шақырылуда.
Пікірталасқа қатысқан №46 жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушылары, адамгершілік, достық, сенімділік тұрғысында ойларымен бөлісіп, барынша тақырыпты ашуға тырысты.
Осынау тақырыпта балаларды тәрбиелей отырып, кітапхана мен мектеп қызметкерлері өз ойларын ортаға салып, ұлы ғұламалардың өмірлері мен шығармаларынан үзінді келтіре отырып, парасаттылық құндылықтарын қатысушыларға жеткізді.