ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭСТОНИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Эстония Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэспен кездесті. Жүздесуде Эстония мен Шымкент қаласының арасында цифрландыру және экономикалық іскерлік байланыстарды нығайту жолдары жан-жақты талқыланды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Эстония Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Хейти Мяемеэспен кездесті. Жүздесуде Эстония мен Шымкент қаласының арасында цифрландыру және экономикалық іскерлік байланыстарды нығайту жолдары жан-жақты талқыланды.
Эстония Еуропадағы ақпараттық технологияларды дамыту бойынша көшбасшы болып табылатындығын айтқан қала әкімі цифрландыру Қазақстанмен ынтымақтастықтағы маңызды бағыт екенін алға тартты.
— Эстонияның IT компаниялары қазақстандық нарыққа қызығушылық танытатындықтан, біз екі жақты ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Бүгінгі таңда әлемде COVID-19 тудырған қиындықтар кезінде электронды білім беру, электронды денсаулық сақтау жүйесінің шешімдері өзекті және өмірлік маңызға ие болды. Осы тұрғыда тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін шетелдіктермен жемісті қарым-қатынас орнатуды жалғастыра береміз. Шымкент – Орта Азиядағы тартымды қалалардың бірі. Мегаполис болғалы инвестиция көлемі де артып келеді. Біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі қазақ және эстон халқының игілігі үшін жаңа жобалар болады деп ойлаймын, — деген Мұрат Әйтенов сындарлы диалогқа әрдайым дайын екендігін жеткізді.
Кездесу барысында Эстония Республикасының Елшісі екі ел Президенттері мен екі ел халықтары арасында қашан да өзара сенім мен достық қатынастың қалыптасқандығын атап өтті. Сонымен қатар, қонақтар қаладағы индустриялды аймақтарға, балық шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.
Айта кетсек, 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 36 млн еуроны құрады.  2019 жылғы оның көрсеткіші  25,3 млн еуроға жеткен (экспорт – 1,9 млн.еуро, импорт – 23,4 млн. еуро).
Елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары —  көлік және механикалық құралдар, химиялық өнімдер, минералдар, металдар, бағалы емес металдардан жасалған бұйымдар болып табылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444