100-жуық мектеп оқушылары дәріске қатысты
Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне адалдық пен парасаттылық қасиеттерін дәріптеуге үлес қосып отырған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен Түркістан облысы бойынша департаменті ұстанымы жастар үшін маңызды бастама.
Бүгін осы бастама аясында Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде 5-11 сынып оқушылар арасында “Адалдық, парасаттылық мәдениеттілік – адамдықтың белгісі” тақырыбында «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Абуова Нұржахан Ермағамбетқызы факультатив сабағын өткізіп, 100-ге жуық мектептің оқушылары мен «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелеріне адалдық пен парасаттылық құндылықтарын дәріптей отырып, жас буынның бойына сіңіріп қайтты.
Мұндағы мақсат — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.