ШЫМКЕНТТЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Бүгін Шымкент қаласына Корея елі мен Шеврон компаниясынан, ЮНИСЕФтен гуманитарлық көмек ретінде келген дәрі-дәрмектер «Зерде» қоймасына жеткізілді.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев бастаған жұмысшы топ келген гуманитарлық көмекті қабылдау барысымен танысты.
Мегаполиске аталған елдер мен компаниядан дексаметазон, концентраттар, пульсометр және т.б. дәрі-дәрмектер жеткізілді.
Сонымен қатар, әр тауарға үшінші тұлғалардың, делдалдардың, алып-сатуына жол бермеу мақсатында «тегін» деген мөр басылды.
Айта кетейік, Департамент жанынан құрылған Жұмысшы топ гуманитарлық көмектен бөлек, дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының шекті бағадан жоғары болуына, дәрілік заттардың жетіспеушілігіне, сондай-ақ заңсыз сатылымға шығу деректері бойынша бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Кез-келген азамат дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар бағасының жоғарылауына және жетіспеушілігіне қатысты шағымдары мен ұсыныстарын 8775 306 78 50 WhatsApp нөміріне фото және бейне материалдармен жолдай алады.