Этномәдени бірлестіктер 1 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктер жыл бойы ұйымдастырылған «Жанға жылу» акциясы барысында медицина қызметкерлеріне, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған 200 отбасыларға қажетті көмектер көрсетіп, 200 жалғызбасты қарияларға азық-түлік себеттерін таратып үлгерді. Тұрақты түрде өткізілген акциядан этнос өкілдері тыс қалған жоқ. Бұл жыл мерейлі даталарға толы болғанмен (ҚХА 25 жылдығы, Әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдығы) бүкіл әлемдік пандемияға баланысты карантин кезінде де елімізге қол ұшын созған, бір-бірімізге жәрдем етіп, қайырымдылық шараларын өткізген жыл ретінде де есте қалмақ. Сондай-ақ, биылғы атаулы жыл ішінде Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестіктер жалпы құны 1 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444