Этнос жастары «Ер Тарғын» жырынан үзінді оқыды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өзге ұлт жастары арасындағы «Мемлекеттік тіл — тәуелсіздік символы”республикалық онлайн байқауы осылай деп аталады. Қазақ тілінің жаһандану кезіндегі рөлін күшейтудің негізгі шарттарының бірі – өзге ұлт жастары арасында қазақ тілінің қолданыс рөлін кеңейту. Осы мақсатта ұйымдастырылған онлайн-додаға еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 21-35 жас аралығындағы конкурсанттар қатысты.

Осы республикалық байқау негізінде Шымкент қаласында “Мен қазақша сөйлеймін” атты жастар арасында акция ұйымдастырылды. Акцияға белсене қатысушылардың бірі Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті өзбек ұлтының өкілі Юлдашова Тахмина Алимжановна болды.  Тахмина халық ауыз әдебиетіндегі «Ер Тарғын» жырынан үзінді оқып, оқырмандарды сүйсінтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444