Еңбекқор гректер
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 25 ЖЫЛ
Грек ұлттық мәдени орталығы Шымкентте алғашқылардың бірі болып құрылды. Бүгінде Шымкентте грек ұлтының бес жүзге жуық өкілі тұрады. Олардың негізгі тұратын жерлері — Шымкент, Кентау қалалары және Мақтаарал ауданы. Біздің аймақта гректер көп болды. 1989 жылғы халық санағының деректері бойынша облыс аумағында 21 мыңға жуық гректер өмір сүрген. Еңбекқор гректер жаңа жерге оңай бейімделді. Олар қоғамдастықта болды, ашылған грек мектептерінде оқыды, кәсіпорындарда жұмыс істеді және барлығымен тең құқыққа ие болды.
Жаңа уақыт көптеген халықтарға өздерінің ұлттық ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік берді. Гректер, Қазақстанда тұратын басқа да халықтар сияқты, ана тілін үйрену және халықтық салт-дәстүрлерді түсіну қажеттілігін сезінді. Грек этно-мәдени орталығында алғашқы жылдары грек тілін үйренуге арналған екі балалар мен үш ересектер тобы үнемі жұмыс істеді.
Қайта құру кезеңінде көптеген адамдар тарихи отанына оралды. Кеңес дәуірінде гректер басқа ұлт өкілдерімен қатар өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істеді. Олардың ішінде көптеген сұранысқа ие мамандар болды, әсіресе құрылыс индустриясында.
Шымкенттегі гректер белсенді қоғамдық және мәдени өмір сүреді. Олардың дәстүрлі және мерекелік іс-шаралары тиісті деңгейде басқа да этно-мәдени орталықтардың қонақтарын шақырумен өтеді. Грек этно-мәдени бірлестігі 1990 жылы құрылды. Содан бері ол грек ұлтының өкілдері арасында грек тілін, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті қолдайды.
Гректер барлық облыстық және қалалық іс-шараларға қатысады. Грек тілін үйрену бойынша Жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Оқытушылардың қызметтерін Грекияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі төлейді. Грек этно-мәдени орталығы жыл сайын 12 жасқа дейінгі балаларды, зейнеткерлерді, сондай-ақ 14-25 жас аралығындағы жастарды республикалық грек қоғамының «Филия»бағдарламасы бойынша Грецияға демалысқа жібереді. Бағдарламаны Греция Үкіметі қаржыландырады. Этно-мәдени орталық жанынан «Ирини» жастар қанаты құрылды, оның мүшелері орталықтың жұмысында белсенді көмекшілер болып табылады.
Орталықтың дәстүрлі мерекелерінен «Тіл және дәстүр күні» мерекесін ерекше атап өтуге болады , оған облыстың басқа этно-мәдени орталықтарынан қонақтар және Ташкент және Бішкек қалаларындағы грек диаспораларының өкілдері шақырылады .
Қазақстан халқының бірлігі күні грек мәдени орталығы мектептер мен колледждерге көмек көрсетеді.