ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Мемлекет басшысының дәрі-дәрмектерді алып-сатарлық жағдайларын жою бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған Жұмысшы топ дәріханалар мен фармацевтикалық компаниялардың қоймаларына күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін Жұмысшы топ «СК-Фармация» ЖШС Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің қоймасындағы сұранысқа ие дәрі-дәрмектер мен дәрігерлерге арналған қорғаныш заттардың жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірінші басшысы Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Арнайы мониторингтік топ, қоғам өкілдері мен Департамент жанындағы Жұмысшы топ мүшелері қатысты.
Мониторинг барысында гуманитарлық көмек ретінде Қытай және Катар елдерінен жеткізілген медициналық тауарларды есептеп, ауруханаларға жеткізілуін қамтамасыз етті.
Басты мақсат – тауарлардың халыққа, денсаулық сақтау ұйымдарына уақытылы жеткізілуін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылды.
Жалпы алғанда, гуманитарлық көмек ретінде мегаполиске Катар және Қытай елдерінен 80 дана термометр, 2 мың медициналық қорғаныс комбинезондары, 10 мың бір реттік хирургиялық қолғаптар, 61 мыңнан астам түрлі бетперделер (медициналық, хирургиялық, пластикалық және т.б), 2 мыңнан астам хирургиялық,арнайы және медициналық қорғау костюмдері, 7 мыңға жуық медициналық қорғаныс көзілдіріктері жеткізілген.
Осы тұрғыдағы әлеуметтік көмек Ресейден келуі күтілуде және ол тауарлар да Департамент пен Жұмысшы топ тарапынан бақылауға алынатын болады.
Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады.
Айта кетейік, кез-келген азамат дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар бағасының жоғарылауына және жетіспеушілігіне қатысты шағымдары мен ұсыныстарын 8702 000 24 94, 8775 306 78 50 WhatsApp нөмірлеріне фото және бейне материалдармен жолдай алады.