Тілі бірдің тілегі бар…

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Өз ана тілімен қосып, бірнеше тілді меңгерген, әсіресе мемлекеттік тіл — қазақ тіліне судай ағып тұрған жастардың бірі корей ұлтының өкілі Тимур Пак. Жоғары оқу орнын бітіріп, Шымкент қаласындағы қазақ мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін Тимур белсенді, әрі патриот. Ол қазақ тіліне қатысты байқауларға қатысып, үздіктер қатарынан көріне білген. Туып өскен елінің тіліне құрметпен қарап, салт-дәстүрін қадірлейді. «Әлемде қазақ халқындай жүрегі кең, көңілі дархан ұлт жоқ деп санаймын. Қиын-қыстау кезеңде барша этностарды құшағына алып, бауырына басты. Өз басындағы қиындығына қарамай, нанын бөліп берді. Ендеше, Қазақтың нанын жеген адам тілін де білуі тиіс, – дейді Т. Пак. Сондай-ақ, Тимур қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқиды. Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, кемеңгер ұлы тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы құрметіне орай барша қазақстандықтарды даталы жылмен құттықтап, елімізге тыныштық пен бейбітшілік тілейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444