Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне этнос жастарының ықыласы артып келеді

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу эстафетасын Шымкент қалалық әзірбайжан этномәдени орталығының өкілі Искандерова Камила Аллахбердіқызы жалғастырды. Камила онлайн эстафета барысында ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқып, оқырманның сүйіспеншілігіне бөленді. Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту — шараның негізгі мақсаттарының бірі.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444