Кәсіпкерлерге арналған кепілдік

Қордың кепілдігі – кәсіпкерлерді қаржылай қолдау құралы және несие аларда мүмкіндікті арттырып, қосымша көмек ретінде ұсынылады.

Несие аларда кәсіпкердің кепілзаты жеткіліксіз болса «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» Қоры банк алдында борыштың бір бөлігін өтеуге кепіл болады.

Ол кепілдікті алу үшін кәсіпкер бизнеске арналған мемлекеттік бағдарламаның тиісті бағытын таңдап, банкке жүгінуі керек. «Даму» Қорына ұсынатын құжаттар тізімі:

✔ Кепілдік алуға өтінім, оның ішінде EGOV және online.damu.kz порталдары да арқылы
✔ Қордың кепілдігімен несие беру туралы Банктің уәкілетті органының шешімі
✔ Кәсіпкердің қаржылық құжаттары
✔ Қызмет көрсететін банктен және басқа қаржы ұйымдары алдында соңғы 12 айда берешегі бар-жоғы туралы, айналымы туралы анықтама
✔ Банктердегі барлық шоттар туралы мәліметтер
✔ Лицензиялар, патенттер, квоталар (бар болса)
✔ Бизнес-жоспар
✔️ Заңды тұлғаның құрылтайшы ретіндегі және тіркеу құжаттары/дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама
✔️ Заңды тұлғаның уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі
✔️ Заңды тұлғаның уәкілетті органының несие және кепілдік тарту туралы шешімі

Сонымен қатар, Қор қажет болған жағдайда қосымша құжаттар сұратуға құқылы.

«Даму» Қоры 5 жұмыс күні ішінде 750,0 млн теңгеге дейінгі сомадағы несие бойынша өтінімді, 10 жұмыс күні ішінде 750,0 млн теңгеден асатын несие бойынша өтінімді қарайды және шешім қабылданғаннан кейін банкке хат жолдайды.

Бағдарлама туралы толығырақ damu.kz сайттан біле аласыз және 1408 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады  немесе Түркістан қ. , Жаңа қала м.ауданы. 28 көш, 5 ғ. мекенжайы бойынша кеңес алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444