Шағын және микро бизнеске «таза парақ» қағидаты енгізіледі

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің екінші отырысы өтті.

Отырыс барысында шағын және микро бизнеске қатысты «таза парақтан» салықтық реттеу тетіктері талқыланды. Осы түзетулерге сәйкес, шағын және микро бизнес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салықтық және камералдық тексерулерден, сондай-ақ әкімшілік жауапкершіліктен босатылады (жекелеген ерекшеліктерді қоспағанда).

Сондай-ақ 2026 жылға дейін ҚҚС бойынша есепке қоюға байланысты бұзушылықтар үшін әкімшілік істер қозғалмайды, ал бұрын қозғалған істер тоқтатылатын болады. Бұл шаралар бизнестің жаңа салықтық әкімшілендіру талаптарына бейімделуіне мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 сәуірге дейін есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидаларын әзірлегенін хабарлады. Тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобалары «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Кәсіпкерлер тарапынан салық режимін таңдау, электронды шот-фактуралар мен салықтық рәсімдерге қатысты сұрақтар көп түсуде. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ҰКП түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Жүйелі мәселелер келесі отырыста қаралатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444