Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбекті таныстырды.

“Оның кәсіби медициналық білімі, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH) дәрежесімен денсаулық сақтау саласында басқарушылық тәжіриесі бар. Гүлмира Сабденбек әр жылдары басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментіне жетекшілік етті, сонымен қоса «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚбасқарма төрағасының орынбасары болды”, – делінген қаржы министрлігінің хабарламасында.

Бұған дейін Гүлмира Сабданбек президент әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып, әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит, сондай-ақ қаржылық бақылау мәселелерімен айналысқан.


 

Бұдан бөлек ұжымға басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебеков те таныстырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444