Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, кезектен тыс сайлау қашан өтуі керек?

Қызылордадағы Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, кезектен тыс президент сайлауы өтетін күн қалай белгіленетінін айтты, деп хабарлайды Ulyorda.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің сөзінше, кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікірлерін білдірген. Олар Конституциямыздың кейбір тұстарын нақтылай түсу қажеттігіне назар аударған.

«Атап айтқанда, мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар.

Қазіргі Ата заңға сәйкес президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге сенат төрағасына беріледі.

Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді.

Бұл ретте мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, «қалған мерзім» 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін.

Сондықтан, мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет.

Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444