Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу

Сыбайлас жемқорлық-заманмен бірге өсіп-өркендеп небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де айналып өткен жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ , кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың ,дара кәсіпкерлердің,азаматтардың  қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде.  Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып ,ат салысып , қарсы күресуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі —  ол азаматтардың арыз-шағым, өтініштері. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Жемқорлықты жоюды мақсат еткен жергілікті атқарушы органдар жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып,күресуіміз қажет. Жемқорлықпен күрес әрбір саналы азаматтың парызы. Кез-келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып отыр. Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да,  атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық ,бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлық заманның ағысымен өсіп келе жатқан, мол қаражат болған жерге тамырын тереңінен жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған қоғамдық дерт. Осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот және құқық қорғау мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, әрбір ұлтжанды азаматтардың парызы. Мұндай ауыр дертті тек мемлекет және құқық қызметкерлерінің күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықтың алдын бүкіл халық  болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Сол себептен барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдап өз құзіретінің  шегінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Бүгінде барлық мекемелерде сенім телефондары жұмыс жасайды. Мемлекеттік органдардың қызметшілері халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қол жетімділігі жөнінде кеңінен насихаттауда. Бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы болып табылады. Ертеңгі болашағы үшін алаңдайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал.

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

бас маманы А.Алдаберген

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444