Коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алу шарасы өтті

Шымкентте Коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алу шарасы өтті. «Өзгені құтқарып, өз жанын пида еткен» атты акция аясында пандемия кезінде жан тәсілім еткен ақ халаттылардың туған-туыстарына төсбелгілер табысталды. Елімізде қауіпті індет өршіген тұста Түркістан облысы мен Шымкент қаласында бірқатар аурухана қызметкерлері қайтыс болған еді. Олардың қатарында дәрігерлер мен медбикелер, тазалық қызметкерлері мен жүргізушілер бар. «Оңтүстік» медицина қызметкерлері Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында мақұмдардың ерен ерлігі сөз болып, бір сәт үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті. Әруақтарға арналып құран бағышталып, ескеркіш тақтайшаға гүл шоқтары қойылды. Жиынға қатысқан туған-туыстарына «Өмір үшін» және «Алтын дәрігер», «Мейірім» төсбелгілері тапсырылды. Мұндай бастамаға көпшілік ризашылығын білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Акцияны ұйымдастыруға «DENSAULYG» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің кәсіподағы мен өзге де кәсіподақ ұйымдары атсалысты. Айта кетейік, бұған дейін пандемия кезінде Түркістан облысы бойынша қаза тапқан медицина қызметкерлерінің отбасына кәсіподақ ұйымы атынан көмек ретінде 100 мың теңгеден берілген болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444