«Даму» Қоры бөгде кеңесші, делдалдармен жұмыс істемейді

Бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларын алуда «көмек» ұсынып, «жеңіл несие, субсидия немесе кепілдік алуда оң шешім шығаруға» уәде беретін алаяқтарға алданып қалмаңыздар. Бұл әрекеттерімен олар кәсіпкерлердің қалтасын қағып, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларына деген елдің деген сенімін жояды.

Кәсіпкерлерге ескертетін жайт – мемлекеттік бағдарламаға бұрын қатысып көрмеген болсаңыз және алғаш рет өтінім беру ойыңызда болса сіз тегін кеңес алатын жер бар. Ол – «Даму» Қорының филиалы. Барлық облыс орталығы мен ірі қалалардағы филиал мекенжайын damu.kz сайтымыздың бас бетінен немесе инстаграмдағы актуал бөлімнен таба аласыз. Біздің менеджерлер бағдарлама жайында толық мағлұмат береді.

«Даму» Қоры арқылы жеңіл несие, субсидия, кепілдік алу жайын білгіңіз келсе 1408 нөмірі бойынша да біздің кол-орталыққа (тегін) хабарласыңыз. Ал алаяқтық фактілерін білсеңіз senim@fund.kz поштасына ақпарат жіберіңіз. Заңсыздықпен бірге күресейік!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444