Шымкент: «Ұлттық домбыра» күніне орай «Dombyra party» өтті
Шымкент қалалық «??? ????» жастары және «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына және «Ұлттық домбыра» күніне орай «Dombyra party» өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету.
«Dombyra party» іс-шарасында «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің саябағында кәсіпқой күйшілер өнер көрсетті.
Осылайша, салт-дәстүрімізді және ата-баба мұрасын қайта жаңғыртып, ұлттық аспаптар арқылы құндылықтарымызбен қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
#??????? #???????????????

