Даму» Қоры биыл 12,6% жеңілдікпен несиелейтін «Өрлеу» жаңа бағдарламасы іске қосылады
«Даму» Қоры биыл 12,6% жеңілдікпен несиелейтін «Өрлеу» атты жаңа бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр.
Жеңілдікпен несиелейтін жаңа бағдарлама аясында кәсіпкер жылына 12,6%-дан аспайтын мөлшерлемемен несие алады. Бағдарлама қаражатының жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайды, оның 300 млрд теңгесін Қор бөледі, ал тағы 450 млрд теңгесін екінші деңгейлі банктер қаржыландырады.
«Өрлеу» бағдарламасы инвестиция, айналым қаражатын толықтыру және қолда бар несиені қайта қаржыландыру үшін жеңіл несие беруді көздейді.
Негізгі шарттар:
· қарыздың максимал сомасы: инвестицияға — 7 млрд теңгеге дейін, 3,5 млрд теңгеге дейін — айналым қаражатын толықтыруға;
· Сыйақы мөлшерлемесі — жылына 12,6%-дан аспайды;
· Мерзімі: инвестицияға 10 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін, артылған сома – қайта қаржыландыруға бөлінеді.
«Өрлеу» бағдарламасы өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау сияқты экономиканың басым секторларына жеңіл несие беру арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды көздейді», — деп атап өтті спикер.
Дегенмен, микро және шағын бизнестің көлемі 200 млн теңгеге дейінгі несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасы сақталады. Шарттары: Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінен аспайтын несиеге + 4% қамтиды. Оның 40%-ы субсидияланады. Қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме – кемінде 12,3% болады.
«Даму» Қоры қаржылай бағдарламаларды жүзеге асырлып келе жатқан жылдар ішінде несие сомасы 14,2 трлн теңге болатын 226,3 жобаға қолдау көрсеткен.
Қор жүзеге асыратын барлық бағдарламалардың жалпы экономикаға тигізген әсерін қарар болсақ:
· Қолдау алған кәсіпорындар 2010-2024 жылдар ішінде 129,8 трлн теңгенің өнімін шығарды;
· 2010-2024 жылдарда кәсіпорындар 9 трлн тг салық төледі.
· 2010-2024 жылдар ішінде сақталып қалған жұмыс орындары – 1 208 мың. Оның ішінде 2024 жылы ғана 100,0 мың болды;
· 2010-2024 жылдар ішінде 220,3 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.
