Жастар арасында «Мен – лидер!» атты білім беру және ақпараттық шаралар өткізілді
Түркістан облысы мен Шымкент қаласының техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары мен оқу орталықтары ассоциациясы «Мен – лидер!» атты білім беру және ақпараттық шараларын өткізді. бұл бағдарлама өңір жастарының кәсіби дағдыларын және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған!

Тамыз бен қазан айлары аралығында біз жасөспірімдер мен жастардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету үшін ауқымды жұмыс атқардық — және алғашқы нәтижелер қуантарлық.
Не істелді? 📌 Жастарға арналған 4 ірі тренинг өткізілді — жалпы 120 қатысушы
📌 150 сағаттан астам кеңес беру және тренинг жұмысы ұйымдастырылды
📌 Сабақтар өтті:
* кәсіби даму және карьерлық траектория құру,
* коммуникациялық дағдылар,
* көшбасшылық,
* эмоционалды интеллект,
* кәсіби бағдар.
📌 Кофе-брейктер, ашық талқылаулар, мини-консультациялар және мотивациямен жұмыс жүргізілді.
Қатысушылар нені үйренді? ✔ Өздерінің кәсіби қызығушылықтарын анықтауды
✔ Өзіндік сенімділікті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуды
✔ Командада жұмыс істеуді және дұрыс коммуникация орнатуды
✔ Сын тұрғысынан ойлауды және еңбек нарығы мүмкіндіктерін талдауды
✔ Карьера жоспарлауды және нақты мақсат қоюды
Бұл не үшін маңызды?
Бүгінгі жастар тәжірибенің жетіспеуі, мамандықтар туралы ақпараттың аздығы, болашақ жолды таңдаудағы сенімсіздік сияқты маңызды қиындықтарға кезігеді.
«Мен – лидер!» жобасы осы олқылықтың орнын толтырып, практикалық білім береді, тәлімгерлердің қолдауын ұсынады және нақты карьерлық бағыттарды көруге мүмкіндік береді.
🎉 Жобаға қолдау көрсеткені және өңір жастарының дамуына қосқан үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорына алғыс білдіреміз!
Біз жастарға жаңа мүмкіндіктер жасап, жігерлендіріп, олардың заманауи әлемде өз орнын табуына көмектуді жалғастырамыз.

