КЕЗЕКТІ РЕТ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін кезекті рет жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Шымкент қала әкімдігінің басқармалары, құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері белгіленген аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық бағдарламасы аясында қалада сенбілік іс-шаралары тұрақты өткізілуде. Бүгін де қаланың аудан аумақтарында басқарма қызметкерлері, қала тұрғындары тағылымды іс-шарадан шет қалмай, жақсы іске жұмыла кірісті. Атап айтқанда, мәдениет басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері Сырым батыр көшесі (А-2 тас жолынан Қайнарбұлақ саяжайына дейін) бойын қоқыстан арылтты. Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры ұжымы Сырым батыр көшесінің басынан ортасына дейінгі аумақта сенбілік жұмыстарын атқарып, жалпы 100-ге жуық қызметкер тазалыққа үлес қосты.
Аталған іс-шара аясында қала аумағын қоқыстан тазарту мақсатында мәдениет мекемелері мен басқарма қызметкерлерінен құралған 900 адамдық флешмоб ұйымдастырылды.
Қаланың тазалығы — баршаға ортақ міндет. Аудан ардагерлері, белсенді азаматтар оң бастамаға үнемі қолдау көрсетіп, ұйымшылдығын танытып келеді.
«Шымкент келбеті»

